Әлеуметтік желіде «пластмасса жұмыртқалар» туралы жалған ақпарат тарай бастады
Әлеуметтік желіде Өскемен қаласында сатылып жатқан «пластмасса жұмыртқалардың» видеосы тарай бастады.
Видеоны түсірген әйел адамның айтуынша, жұмыртқалар Қытайда жасалып, әкелінген, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
- Қытайда жасалған пластмасса жұмыртқалар Қазақстанға да келіп жетті. Үстелге қойсаң ойыншық сияқты. Ал, ішінде гель. Жұмыртқа мөрі бар. Қайнатқан уақытта, олар ағарады. Дүкеннен сатып алмас бұрын тексеріп көріңіздер, - делінген видеода.
Құзіретті органдар тараған ақпаратты жоққа шығарып отыр.
- Видео шындыққа жанаспайды. Тұрғындардан да сапасыз өнім туралы бірде-бір шағым түскен жоқ. Біздің мамандар импортталатын азық - түлік өнімдерінің сапасына тұрақты мониторинг жүргізетінін атап өткім келеді. Оның нәтижесінде де мұндай жағдай анықталған жоқ, - деді ШҚО сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Данияр Дүйсембаев.
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы да департамент басшысының сөзін растап отыр.
- Сауда желілерінде сатылып жатқан жұмыртқалардың сапасыздығы туралы кәсіпкерлерде де еш шағым түспеген, - деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының АӨК бөлімінің басшысы Данияр Әкімбаев.
Әлеуметтік желі тұтынушылары видеоның үш жыл бұрын тарағанын, ал жұмыртқалар қатырылғандықтан солай көрінетінін жазған.
Оқи отырыңыз
Өскеменде тауықтың жасанды жұмыртқалары сатылып жатыр ма? - видеоӨскеменде тауықтың жасанды жұмыртқалары сатылып жатыр ма? - видеоЖеліде фейк тарауда: «Дәріханаларда кісі өлтіретін парацетамол сатылып жатыр»ШҚО-да сапасыз азық-түлік анықталды«Өскеменде қасқырлар жүр» деген ақпарат рас па? Мамандар жауап берді