Шығысқазақстандық жеткіншектер елорданы аралады
Фото: egemen.kz
Балаларды қорғау күніне орай ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласында мәдени-танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Балалар 1 маусымда елордадағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, олардың тарихы жайлы ақпарат алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жеткіншектер «Ақорда» резиденциясын аралады. Сонымен қатар тарих парақтарынан хабар беретін Тұңғыш Президент мұражайына, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына, «Бәйтерек» монументіне барып, тамашалады.
Экскурсия соңында балалар Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының «Бразилия байлығы» атты театрландырылған қойылым-ертегісінің куәсі болды.
Сонымен қатар «Ақорда» резиденциясында Президент атынан балаларға сыйлық табысталды.