KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Азық-түлік өндірісіндегі ет өнімдерінің үлесі – 16%

Фото: egemen.kz

16.06.2023, 16:07 353

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет өңдеу кәсіпорындары туралы баяндады.

Министрдің дерегі бойынша, ет өңдейтін кәсіпорындар шикізатты тиімді бағада ала алмай отырған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Азық-түлік өнімдері өндірісінің жалпы көлеміндегі ет өнімдерінің үлесі 16%. Ет өңдейтін 171 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Салқындатылған ет бойынша ішкі нарықты қамтамасыз ету – 117%, шұжық өнімдері – 61%, ет консервілеріне қатысты 26% құрады, – деді министр.

Министр аталған кәсіпорындарда айналым қаражаты да жеткіліксіз екенін атап өтті.

– Бұдан бөлек, тиімді бағамен берілетін шикізатпен қамтамасыз ету үшін ет өңдеу кәсіпорындарына мұздатылған етті бажсыз әкелуге квота беріледі. Ет саласын дамыту үшін кәсіпорындардың құрылысы мен оны жаңғырту шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша инвестициялық субсидия, кредит және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету, асылдандыру жұмыстары мен мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын субсидиялау сияқты барлық шаралар сақталған, – дейді Ербол Қарашөкеев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив