KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Қазақстанда 2019-2021 жылдары 148 599 ажырасу тіркелген

Фото: egemen.kz

22.06.2023, 13:27 271

2019-2021 жылдары елде 148 599 неке бұзылған. Ажырасу фактілері әсіресе 5-9 жыл аралығындағы некелер арасында байқалған.

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– «Толық емес отбасылар» санатын «Бақытты отбасы» бағдарламасына қайтару туралы айтсақ, қазіргі таңда тұрғын үй алуға кезекте мынадай санаттағы азаматтар тұр: көпбалалы отбасылар (103 мың азамат), 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар (54 мың азамат), мүгедектігі бар балалары бар отбасылар (25 мың азамат), жетім балалар (63 мың азамат). Сонымен қатар «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «толық емес отбасылар» санатындағы кезек 75%-ға (2019ж. – 85,4 мың азамат кезекте болса, 2023ж. - 150,2 мың болған) өсіп, олардың үлесі кезекте тұрғандардың жалпы санының (641 мың адам) 24%-ына жеткен. Бұл өз кезегінде кезекте тұрғандардың жасанды өсуіне әкелді. Басқа санаттар арасында әлеуметтік наразылық тудырды. Көбінесе бағдарламаға қатысу және осы санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу үшін жалған неке қию, мәртебені сақтау немесе алу мақсатында неке қиюды әдейі болдырмау белгіленгендіктен, осы санат алынып тасталды, – деп түсіндіреді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов ұсынған дерекке сай, 2019-2021 жылдары елдегі ажырасу саны 148 599-ға жеткен. Ажырасу фаткілері әсіресе 5-9 жыл аралығындағы некелер арасында байқалған.

  "Баспана кезегінде тұрғандардың, оның ішінде толық емес отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін бірқатар түрлі тетіктер көзделген:
- республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу немесе сатып алу;
- жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау;
- кредиттік тұрғын үй салу және кірістердің болуына байланысты «Отбасы банкі» АҚ-да жарна бойынша 5% жеңілдікпен кредиттеу", – деп жазылған жауапта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу