KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы өсті

Фото: egemen.kz

18.07.2023, 09:54 182

Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді.

Биылғы 1 шілдеден бастап табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Үкімет Мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады.

Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген. Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және өзге мамандандырылған ұйымдар жатады.

Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Жалпы, осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі. Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив