KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Ауылдарда қандай медициналық нысандар салынады?

Фото: primeminister.kz

18.07.2023, 12:42 190

ОМО мен ЖАО өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру штабында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.

Ауылдық денсаулық сақтау мекемелері үшін 1100 маман даярлау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов төрағалық еткен отырыста Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният алдағы екі жылда ауылдарда жаңа 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысандарын салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Олардың қатарында физиотерапия кабинеті мен дәріхананы, фельдшерлік-акушерлік бекеттерді (ақпараттандыру кабинеті қосылды) және дәрігерлік амбулаторияларды (ЕДШ залы қосылды) қамтитын заманауи медициналық бекеттер бар.

Физиотерапия кабинеттері электротерапия, магнитотерапия, ультрадыбыстық терапия, фототерапия, ингаляторлар және басқа да құрылғылармен жабдықталатыны атап өтілді. ЕШД залында ұсақ моториканы қалпына келтіру мен дамытуға арналған түрлі тренажерлар, эрготерапияға арналған стендтер, швед қабырғасы, кинезотерапияға арналған жабдықтар қарастырылған. Сонымен қатар барлық жаңа МСАК нысандары телемедицина ұйымдастыру үшін компьютерлік және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Ұлттық жоба шеңберінде инсульт және кардиологиялық орталықтар, оңалту, травматология және ортопедия, хирургия, реанимация, қарқынды терапия бөлімшелері ашылып, көпбейінді орталық аудандық 32 аурухананы жаңғырту және күрделі жөндеу, заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар ауылдық денсаулық сақтау мекемелері үшін 1100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланып отыр. Олардың арасында дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер мен акушерлер бар.

Үкімет басшысы жиынды қорытындылай келе, үлгілік жобаларды жергілікті жағдаймен байланыстыру, құрылыс алаңдарына инженерлік коммуникациялар мен жол тарту жұмыстарын жеделдетуді талап етті.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық жобаны үйлестіру мен бақылауды күшейтуі қажет екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу