Жеке куәлікті жедел жасату құны арзандауы мүмкін
![](/kz/uploads/posts/2023-10/2022_05_05_crop-18_9_610x1084_c9069f814fe81c61.webp)
Фото: egemen.kz
Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жедел тәртіппен беру құнын төмендетуді жоспарлап отыр.
Алайда шұғыл жасату құны тек Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында төмендейді, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық-жобада жазылғандай, енді Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында баға мынадай болмақ:
- құжат 1 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 3372,45 теңге (қазір 4 983 теңге);
- куәлік 3 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 1770,88 теңге (қазір 2 752 теңге).
Ал облыстардың аудандары мен қалаларында құжат тек 7 жұмыс күнінің ішінде дайын болады. Оның құны 677 теңге 95 тиын мөлшерінде (қазір 1 116 теңге) бекітілді.
Құжат 30 қазанға дейін көпшілік талқылауда болады.