ШҚО-да жеке куәлікті жедел дайындатуға болады
Енді жеке куәлікті жедел дайындатуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы 8 шілдеден бастап жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаудың жеделдетілген нұсқасы қайта іске қосылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қызмет құны өзгерген жоқ:
Облыс орталықтарында:
жеделділіктің 1 санаты, яғни 3 жұмыс күні – 4 мың 983 теңге;
жеделділіктің 2 санаты, яғни 5 жұмыс күні – 2 мың 752 теңге.
Аудан орталықтарында:
жеделділіктің 3 санаты, 7 жұмыс күні – 1 мың 116 теңге.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі – 22 мың 224 теңге – (8 АЕК);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетел азаматарының ықтиярхаты – 555 теңге 60 тиын (0,2 АЕК).