KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылды

Фото: halyq-uni.kz

13.02.2024, 10:28 81

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

- Отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі - далада жүру қиындай түсті. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық. Былтырғы төлдеуді есепке ала отырып, биыл мамырда мұқият егжей-тегжейлі есепке алу жүргізілді, - деді Ерлан Нысанбаев Мәжіліс кулуарында.

Министр киік саны тағы 40 пайызға артады деп болжап отыр.

Шенеунік 10 ақпаннан кейін киіктерді ату заңсыз деп есептелетінін айтты. Олардың популяциясын реттеу бойынша жұмыс келесі жылы жүргізіледі.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив