KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Енді ойынқұмар азаматтар мемлекеттік мекемеде тегін емделе алады

Фото: kokshetau.asia

13.02.2024, 13:30 97

Халықаралық тәжірибеде жалпы халықтың 2-3%-ы құмар ойынға әуес екені туралы есеп бар. Ал Қазақстанда құмар ойынға әуес 36 мыңдай адам бар.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Әділет Тұрғанбаев айтты, деп хабарлайды Altainews.kz  сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

- Біз психологтармен, басқа да мамандармен кездесіп, осы мәселені талқыладық. 30 мың адам деген санды Денсаулық сақтау министрлігі қандай да бір зерттеу немесе сауалнама арқылы шығарған жоқ. Бұл халықаралық тәжірибе бойынша жасалған. Олар бір математикалық модель жасап, халықтың жалпы санына шағып есептеген. Халықаралық тәжірибеде жалпы халықтың 2-3%-ы құмар ойынға әуес екендігі туралы есеп бар. Соны негізге алсақ, елімізде 36 мыңдай адам құмар ойынға қатты әуес, – деді Әділет Тұрғанбаев.

Болашақта ойынқұмарлар мемлекеттік орталықтарда жеке басының дерегін тіркетпестен, тегін емделе алады.

- Бұл туралы дөңгелек үстелде Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестерім айтты. Олар емдеу форматын өзгертпекші. Қазіргі уақытта құмар ойыннан мемлекет есебінен емделу үшін ресми тіркеліп, есепке тұру міндетті. Көбі содан қашады, себебі кейін жұмысқа тұру, әскерге бару қиындайды. Енді «кеңес алуға тіркелу» деген тетік енгізілмек. Яғни, адам жеке басының деректерін тіркетпей-ақ, есепке тұрмай-ақ тегін емнің толық көлемін алады. Биыл осы нормативтік актіні қабылдап үлгерсе, келешекте психикалық денсаулық орталықтарында тегін, анонимді емделе алады. Ондай орталықтар бүкіл өңірде бар. Астана мен Алматыда республикалық орталық жұмыс істеп тұр, – деді ол.

                                                                      

Айжанат Бақытқызы

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив