KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Бәсекелерге бәс тігудің шариғатта үкімі қандай?

29.07.2013, 18:00 246


– Букмекерлік кеңселерде спорттық ойындарға бәс тігудің шариғаттағы үкімі қандай? Одан тапқан табыс адал ма?
Ермұқан Жебел, Риддер қаласы.

Бұл сауалға ҚМДБ-ның өкілі, дін қызметкері Сансызбай Құрбанұлы жауап береді:

– Букмекерлік кәсіп, бұл – құмар ойынға жатады. Сондықтан бұл тәсілмен ақша табуға исламда қатаң тыйым салынады. Осыған қатысты Алла тағала: «Ей, мүміндер! Арақ, құмар ойын, тіктеп қойылған пұттар және таяқшалар – шайтанның лас амалдарынан. Ендеше, құтылуларың үшін осындай нәрселерден аулақ болыңдар. Расында, шайтан ішкілік пен құмар ойыны арқылы араларыңа дұшпандық, кек салуды және Алланы еске алудан, намаз оқудан бөгеуді қалайды. Енді тыйыласыңдар ма?!» – деген.

Бұл кәсіптің құмар ойынға жату себебі, букмекерлерде ұтыс тігісінің жеке коэффициенті болады, яғни, егер ұтқан жағдайда ұтысыңыз екі немесе одан да артық еселеніп беріледі. Мысалы, команданың ұтысы 2 коэффициентке тең болса, сіз 1000 теңге тіксеңіз, ұтыс жағдайында екі есе, яғни, 2000 теңге аласыз.

Ал егер ұтылсаңыз, ештеңе де алмайсыз.

Байқағанымыздай, мұндай кәсіптің астарында жеңіл жолмен еңбексіз табыс табу тұрғаны анық. Себебі, ақша тіккен адамның бағы жанып, ұтысқа кенелсе, тек дауыс беру арқылы тіккен ақшасын еселеп қайтарып алады. Сонымен қатар кеңсе басшылары да ұтылғандардың есебінен күн көріп, біреудің ақшасын маңдайы терлемей, белі ауырмай иеленеді. Бұған ислам шариғатында тыйым салынған.

Қорыта айтқанда, жеңіл табыс, құмар ойындарының бәрі де адамға психикалық және моральдық, материалдық залал келтіретіндіктен исламда қатаң тыйым салынып, харам етіледі.

Әзірлеген – Құмарғалидың Серігі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив