Мобильді аударымдар: қашан және қанша теңге аударылса, салық салынады
Фото: total.kz
Мобильді аударымдар арқылы үш айда 255 мың теңгеден астам қаржы қабылдағандар салық органының бақылауына алынуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Жауапты ведомствоның басшысы кәсіпкерлерге салық салу шарттары қайта қаралатынын айтты. Шағын бизнес өкілдері бұған қарсы. Олар шығынға бататындықтан, тауар мен қызмет көрсету бағасын көтеруге мәжбүр болатынын айтты.
Кәсіпкерлер министрдің ұсынысы жүзеге асса, қарапайым халық пен шағын бизнес өкілдеріне ауыр соққы болатынын айтуда. Олардың пікірінше, бұл тексерістерден өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар, базардағы тігіншілер, көшеде бақша өнімдері мен ұсақ-түйек заттарды сататын адамдар зардап шегеді.
Сонымен қатар, олар бұл жаңашылдық тауар бағасы мен қызмет көрсету құнының тағы қымбаттауына әкеп соғатынын айтуда. Кәсіпкерлер енді аударым үшін банктер алатын комиссияны сатып алушылардан өндіреді немесе тауар мен қызмет үшін ақыны тек қолма-қол ақшамен талап ететін болған.
Айжанат Бақытқызы