Қазақстанға аязды күндер қайта оралуы мүмкін
Фото: aikyn.kz
«Қазгидромет»-тің мәліметінше, 12-14 наурызда Қазақстанға аязды күндер қайта оралады, әсіресе түнде.
Еліміздің көп бөлігінде түнгі температура -10... -20° градусқа дейін, ал күндізгі температура -2... -10° градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Республика бойынша атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын күтіледі. Кезеңнің басында қатты жаңбыр мен қар Павлодар мен Қарағанды облыстарында, кезеңнің ортасына қарай – Абай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында болжанады,- деп хабарлады гидромет орталығы.
«Қазгидромет» дерегі бойынша, наурыздың алғашқы аптасында Қазақстанда қар басқан аумақ 72-ден 68% - ға дейін қысқарды.
- 15 наурызға дейін ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар, көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, солтүстік, орталық өңірлерде қатты жел, жауын-шашынды тұрақсыз ауа-райы күтілуде, - делінген апта сайынғы гидрологиялық болжамда.
Наурыз және сәуір айларында тәулігіне айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін, бұл көпжылдық бақылаулармен көрсетілген.
Оқи отырыңыз