Экологиялық жағдайды жақсартатын жаңа идеялар айтылды
Өскеменде өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жол картасын жүзеге асыру мақсатында құзырлы органдар мен жауапты ұйым өкілдері бас қосты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскеменнің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жол картасында ауа бассейні, су ресурстары, қоқыс қалдықтарына қатысты іс-шаралар қарастырылған.
Кездесу барысында бірнеше ұйымдардың жаңа идеялары да тыңдалды. Мысалы, Үлбі өзенінің ластануы алаңдататын азаматтар дрон арқылы өзен арнасын бақылау жүйесін және суға бату жағдайы орын алғанда құтқару кругін жеткізе алатын дрондарды сатып алуды ұсынды. Тағы бір ұсыныста шығарылмаған қоқыстарды суретке түсіріп тіркейтін ортақ бір сайттың қажеттігі айтылды. Ауаның ластануын тіркейтін модульді станция құрылысы және өндірістік қазандығы бар кәсіпорындарға төмен көміртекті қондырғыларды орнату ұсыныстары айтылды.
Ақерке Рағызбаева