KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
479.05 534.57 5.17

Осы күзде IX республикалық Әкелер форумы өтеді

pixabay.com

16.06.2024, 16:00 18 Назерке Каримова

Маусымның үшінші жексенбісі – Әкелер күні.

2023 жылы енгізілген бұл мереке елімізде отбасы құндылықтарын насихаттап, әкелер институтын нығайтуда маңызды қадам болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бала тәрбиесінде қашанда әкенің рөлі өте зор және мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі де – осы.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, бүгінде "Әкелер одағының" еліміздің 12 өңірінде филиалы жұмыс істейді. Сондай-ақ Астананың әр мектебінде арнайы өкілдігі бар. Олардың балаларды қолдауға және денсаулығын нығайтуға бағытталған ЮНИСЕФ жобаларына қатысуы қоғамға шынайы қызмет етудің жарқын үлгісі.

– Осы күзде IX Республикалық Әкелер форумы өтеді. Бұл іс-шара Қазақстандағы әкелер институтының дамуы мен отбасы саясатының өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналады деп сенеміз, – деп хабарлады министрлік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив