KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
484.37 531.06 5.05

Әл-Фараби жазған кітаптар табылды

Фото: t.me/namvilhok

10.07.2024, 21:17 147 Ержан Әбіш

Өзбекстанның Наманган облысында ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің кітаптары табылды.

Кітаптардан бөлек XI–XIV ғасырға тән көне қылыштар да табылған.

Сирек кездесетін үш кітапта ғылым, философия және тарихқа қатысты бірегей мәлімет жазылған.

Ахсикент археологиялық саябағының құрамындағы Жаңа Ахси кешеніндегі баға жетпес жәдігерлер саны онға көбейіп, коллекция 475-600 жылдарға тәне Бактрия монетасы мен XIX ғасырда мөрленген Қытай монетасымен толыққан.

Мамандар XI ғасырға тиесілі деп бағалаған қылыш жақсы сақталған. Оны Аксикенттің ұсталары қатты болаттан жасаған. Әлемдік болат орталығы ретінде танылған Аксикент жұмсақ және қатты болатпен танымал. Оның қалай жасалатыны әлі күнге дейін жұмбақ. Екінші қару XIV ғасырға жатады және оны Әмір Темірдің арнайы сарбаздары қолданған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив