KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Электрмобиль иелері тұрақ үшін ақы төлеуі керек пе?

Фото: depositphotos.com

18.07.2024, 20:48 76 Ержан Әбіш

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Қазақстанда экологиялық таза көлікті насихаттау және электрмобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту жөнінде түзетулер қабылдаған болатын. Tengri Auto электрмобиль иелеріне тұрақ үшін ақы төлеу керек пе, жоқ па анықтап көрді.

22 мамырда Мәжіліс екінші оқылымда көлік және электрмобильдер инфрақұрылымын дамыту туралы заңнамаға бірқатар маңызды өзгерістерді мақұлдады. Жаңа түзетулерді қабылдау мыналарға бағытталған:

электрмобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту;

экологиялық таза көлікті пайдалану үшін жағдай жасау;

электр зарядтау станцияларын орнатуды реттеу үшін құқықтық тетіктерді әзірлеу.

Сонымен қатар түзетулер электрмобиль иелері үшін қарастырылған жеңілдіктерге де қатысты, онда тұрақ ақысын алып тастау қамтылған. Алайда, электрмобиль жүргізушілері әлі де тұрақ ақысын төлеуге міндетті, өйткені заң Сенатта қаралып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив