KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

12 тамыздағы саудада доллар қымбаттады

Фото: depositphotos.com

12.08.2024, 16:23 117 Айжанат Бақытқызы

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 12 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 1,73 теңгеге қымбаттап, 479,03 теңгені құрады.

Қытай юанінің бағамы 66,58 теңгеге дейін көтерілді (+0,13).

Ақша айырбастау орындарында доллар 478,5-480,5 теңгеге, еуро 522,5-525 теңгеге, ресей рублі 5,29-5,39 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 12 тамыздағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent фьючерстерінің құны 0,63%-ға өсіп, барреліне $80,16 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнай фьючерстері барреліне 0,90%-ға өсіп, 77,53 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 477,04 теңге, еуроны 520,78 теңге, рубльді 5,37 теңге деп белгіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу