KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Доллар бағамы қайта көтеріле бастады

фото: news.myseldon.com

8.08.2024, 16:26 89 Айжанат Бақытқызы

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 8 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,23 теңгеге көтеріліп, 477,14 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 66,55 теңгеге (+0,47) дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 475,7-477,7 теңгеге, еуро 520,5-524,5 теңгеге, ресей рублі 5,39-5,49 теңгеге сатылуда.

Сонымен бірге, 8 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,29%-ға арзандап, барреліне 78,10 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,19%-ға төмендеп, барреліне 75,09 долларды құрады.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 475,62 теңге, еуроны 519,23 теңге, рубльді 5,52 теңге деп белгілеген болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу