KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, В
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қырғызстан Президенті Астанаға ресми сапармен келді

17.06.2025, 13:35 129 Гульжан Мусина

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 17 маусым күні Астанаға келді. Ол осында өтетін «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қырғызстан – Қазақстанның жақын көршісі әрі маңызды әріптесі. Соңғы уақытта екі ел арасындағы сауда көлемі артып келеді. Биылдың өзінде тауар айналымы 25 пайызға көбейіп, 435 миллион доллардан асқан.

Қазақстан мен Қырғызстан жүк тасымалдау, жол қатынасы, логистика саласында да бірлесіп жұмыс істейді. Екі ел де Қытайдан Еуропаға дейін баратын үлкен көлік бағытының бойында орналасқан.

Андрей Дудник

Фото: Ақорда

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу