Қазақстандағы өндірістік жарақаттану деңгейі 16,6%-ға азайған
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған деректерге сүйенсек, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан 584 жұмыскер зардап шегіп, оның 77-сі қаза тапқан. Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2024 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 16,6%-ға төмендеді, деп хабарлайды деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еліміздің өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталып тұр. Мәселен, Қарағанды облысында - 61 адам, ШҚО-да – 50 адам, Павлодар облысында – 44 адам, Атырау облысында – 40 адам, Ақтөбе облысында – 39 адам зардап шеккен. Сондай-ақ, Алматы қаласында 51 адам зардап шекті.
Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 18,1 % және құрылыс саласында – 9,2%.
Құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғаларды тергеудің 439 материалы жіберілді, соның негізінде 139 қылмыстық іс қозғалды.