Жаңа оқу жылында 340 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады
gov.kz
Биылғы 1 қыркүйекте еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн оқушы білім алады. Оның ішінде 341 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаса, 232 мың оқушы — 11-сынып түлектері, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
2025-2026 оқу жылынан бастап білім беру үдерісіне жасанды интеллект элементтері кезең-кезеңімен енгізіледі. Алдымен бұл технология «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінде қолданыла бастайды. Осыған орай орта білім беру жүйесінде ЖИ-ды пайдаланудың этикалық стандарттары бекітілген. Оқушыларға — Day of AI онлайн курстары, мұғалімдерге — үш деңгейлі біліктілікті арттыру бағдарламалары дайындалды.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа форматтағы мектептерді басқару жүйесі енгізілетінін айтты.