KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 5 м/с, З
519.61 610.13 6.54

Қазақстандықтарға бір мезгілде бірнеше жерде жұмыс істеуге рұқсат етіледі

gov.kz

19.09.2025, 12:00 176 Төлеуғазы Жансая

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар негізгі жұмыстан тыс уақытта қосымша еңбек етуге құқылы екенін еске салды. Дегенмен, Еңбек кодексіне сәйкес бірқатар шектеулер сақталуға тиіс, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жұмыс уақыты: негізгі жұмыста – 8 сағаттан, қосымша жұмыста – 4 сағаттан аспауы тиіс. Бір тәуліктегі жалпы жұмыс уақыты 12 сағаттан артық болмауы керек.

Қосымша жұмысқа орналасу: басқа жұмыс берушімен еңбек шарты жасалғанда, қызметкер негізгі жұмыс орны туралы анықтама ұсынуы қажет.

Демалыс: қосымша жұмыстағы еңбек демалысы негізгі жұмыс орнындағы демалыспен бір мезгілде беріледі. Егер ұзақтығы қысқа болса, айырмашылығы жалақы сақталмайтын демалыспен толығылады.

Шектеулер: 18 жасқа толмағандар, ауыр әрі зиянды жағдайда еңбек ететіндер (медқызметкерлерден басқа) қосымша жұмысқа жіберілмейді. Мемлекеттік қызметшілерге де қосымша табыс табуға тыйым салынған (педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметтен басқа).

Осылайша, аталған санатқа кірмейтін кез келген кәмелетке толған азамат қосымша жұмыс істей алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу