KZ
Өскемен
-5°
плотный туман жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

ШҚО-да ауылда зертхана ашуға грант беріледі

шартты сурет

28.03.2023, 10:38 270 Оразай Жеңісұлы

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры кәсіпкерлерге биоматериалдарды қабылдау пунктін ашуға қаражат береді.

Аталмыш қор дәл қазір Шығыс Қазақстан облысының үш ауданы –  Ұлан, Шемонаиха және Катонқарағайда өз жобаларын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ауылдық жерлерде зертхана ашу арқылы ауруларды ерте диагностикалауды және оған мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсетуді жақсартуға болады. Грант жабдық пен жиһаз сатып алуға бағытталған.

«Кәсіпкерлерге екі шарт қойылады: грант берілген күннен бастап 30 күн ішінде қаражаттың мақсатын негіздеу және зертханалық кабинеттің жұмысын жыл бойы қамтамасыз ету», - деп мәлімдеді ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры.

Толық ақпарат алу үшін: +7 701 752 9612 немесе fatima.gerfanova@furst.kz.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив