KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

ШҚО-да сынап бағаны 15 градусқа дейін төмендейді

17.04.2023, 19:38 192 Мадина Амангелдіқызы

Алдағы күндері ШҚО аумағында ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Синоптиктер шығыста қар жауып, күн суытады деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы аптада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады екен. Аптаның бас кезінде күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан аумағында 18 сәуірде қарлы боран соғуы ықтимал. 18-19 сәуір аралығында қар аралас жаңбыр, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Ал 20 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендейді.

Бұл күндері облыс орталығы Өскемен қаласында қар жауады. Сынап бағаны күндіз +1 градусты, түнде -9 градусты көрсетеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив