KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Маралдыдағы алтын зауыты: сауал экология министріне қойылды

20.05.2023, 10:10 666 Оразай Жеңісұлы

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменоваға Күршім ауданындағы алтын өндіру фабрикасына қатысты сауалдар қойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өздеріңізге белгілі, Маралды тұрғындары ауылда алтын өндіретін зауыттың салынуына қарсылық танытқан еді.

– Біздің білуімізше, компания тәжірибелік өндіріске рұқсат алған. Экология министрлігі рұқсат бермеді. Бізге жоба көрсетілген кезде де өзенге белгілі бір химиялық заттардың түсуі мүмкін деген сұрақтар туындаған еді. Біз мұның бәрін қарап шығып, өз пікірлерімізді қостық. Біздің министрлік алтын өндіруге ешқандай рұқсат бермегенін тағы да айтамын, – деді министр.

Сондай-ақ өңір тұрғындары заңнамалық тұрғыда окситехнология арқылы жасалған пакеттерді өндіруге және сатуға тыйым салу туралы ұсыныс айтты. Министр бұл ұсынысты қаперге алатынын, қазір бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс өңіріне жұмыс сапарымен келген экология министрі Риддер қаласында халықпен кездесті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу