Медициналық пойыздың облыста қызмет көрсету кестесі жарияланды – ШҚО
Фото: Шартты сурет
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 23 мамыр күні Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қызметін бастады. ШҚО-да пойыз 25 мамыр мен 4 маусым аралығында аялдайды.
Шалғай станциялардағы тұрғындарға түрлі медициналық қызмет ұсынып, тексеруден өткізуге арналған пойызда биыл медиаторлар, заңгерлер жұмысы қамтылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Пойыз облыстағы бірнеше станцияны басып өтеді. 25-27 мамыр аралығында Глубокое ауданы Ертіс зауыты станциясында, 27-28 мамырда Риддер ауданы Тишинская, 29 мамырда Өскемен қаласы Ермаковка, 29-31 мамырда Алтай ауданы Таусамалы, 31 мамыр мен 2 маусымда Алтай, 2-4 маусымда Күмістау станцияларында аялдайды.
Қабылдау сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.