KZ
Өскемен
+8°
небольшой проливной дождь жел 8 м/с, З
442.05 474.14 4.74

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Фото: ШҚО әкімдігі

4.06.2023, 12:35 307

Бүгін еліміз Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. Елтаңба, Әнұран және Ту – бұл тәуелсіз мемлекеттің басты белгілері, оның әлемдік аренада танылатын құндылықтары.

 Рәміздеріміз бекітілгеннен кейінгі жылдары еліміз – бейбітшілік, ашықтық, тәуелсіздік пен келісім және бірлік сынды құндылықтардың бейнесіне айналды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.   

– Құрметті жерлестер! Бүгін Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтудеміз. Әрбір азамат патриот бола отырып, Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауы керек, бұл Отанның бейнесі екенін түсінуі қажет. Патриотизмге және Елтаңбаға, Әнұранға және Туға құрметпен қарауға тәрбиелеу мектеп жасына дейінгі кезден басталуы тиіс. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономиканы қалыптастыру, әлеуметтік әл-ауқатқа қол жеткізу бойынша орасан зор жұмыс атқарды және біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әр өңірде, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында экономиканың өсуі, әлеуметтік саланы дамыту, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Мемлекеттік рәміздер күні барлық қазақстандықтарға денсаулық, бақыт, еңбекте табыс және жаңа жетістіктер тілеймін! Мереке құтты болсын! – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Тағы да еске салайық, ШҚО-да Мемлекеттік рәміздерге арналған і-шаралар көптеп өтіп жатыр. Бүгін облыс орталығында Арбатта кешкі сағат 18.00-де өскемендіктер мен қала қонақтары қосылып Әнұранды шырқайтын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив