KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Сіздермен жұмыс істеу үлкен мәртебе болды – Даниал Ахметов

Фото: primeminister.kz

16.06.2023, 21:00 292 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды.

Облысты 9 жыл басқарған экс-әкім Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында шығысқазақстандықтарға арналған жазба қалдырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Даниал Ахметов өзімен бірге жұмыс істеген әріптестеріне алғыс айтып, алдағы уақытта да тың жобалар мен идеяларды іске асыруды тіледі.

- Құрметті жерлестер! Бірнеше жыл бойы біз Шығыс Қазақстан облысының жоспарлы және серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру сияқты ортақ мақсат-мүддені көздеп, бірге етене жұмыс істедік. Сіздермен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Сондай-ақ жұмысында басты қағидаттарды ұстанған, яғни адамдарды есту − негізгі бағыттарын Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудағы командамның бір бөлігі болғандарыңызға қуаныштымын. Біз бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Сіздермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанымды мақтан тұтамын, үнемі көрсеткен баға жетпес еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер Шығыс Қазақстан облысы мен жалпы республиканың өркендеуі үшін табысты жұмысты жалғастыруға ықпал ететіндеріңізге сенімдімін. Алдағы уақытта да Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының игілігі үшін тың жобалар мен идеяларды батыл іске асыруларыңызға шын жүректен тілектеспін! – деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылып, облыстың жаңа әкімі болып  Көшербаев Ермек Беделбайұлы тағайындалды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив