KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4,7 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Органикалық өнімді қалай ажыратуға болады?

Фото: egemen.kz

21.06.2023, 10:15 200

Органикалық өнімдерге ауыл шаруашылығы өнімдері (мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы), акваөсіру және балық шаруашылығының өнімдері, жабайы өсімдіктерден жасалған өнімдер және қайта өңделген өнімдер, оның ішінде белгіленген талаптарға сәйкес өндірілген тамақ өнімдері жатады.

Бұл 2015 жылғы қарашада қабылданған «Органикалық өнім өндіру туралы» Заңда көрсетілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Аталған заңнама қандай өнімнің органикалық екенін анықтайды және оны өндірудегі негізгі талаптарды белгілейді.

  "Органикалық өнімді өндіру барысындағы негізгі талаптардың бірі - синтетикалық заттарды, пестицидтерді, гормондарды, антибиотиктерді және тағамдық қоспаларды қолданбауы (органикалық өнімдерді өндіру және олардың айналымы ережесінде көзделген ерекшеліктерден басқа), иондаушы сәулелерді, топырақ пайдаланбай өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру әдістерін, жабайы өсетін өсімдіктерді өңдеудің химиялық әдістерін қолданбай және пайдаланбай өндірілуі тиіс. Органикалық өнімдерді өндіру кезінде дені сау жануарлар мен өсімдіктерден алынатын қауіпсіз өнімдер мен шикізат пайдалануы тиіс", – деп жазылған.

Департамент органикалық өнімнің айрықша белгісін де көрсеткен.

  "Органикалық өнімдердің дәстүрліден айрықша белгісі – органикалық өнім нарыққа айналымға шығарар алдында сәйкестікті растау бағалануынан өтуі тиіс. Мұндай өнімге органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісі қойылады. Органикалық өнімді таңбалау Кеден одағының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №881 шешімімен бекітілген "Тамақ өнімдері оны таңбалау" бөлігіндегі Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 022/2011) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Органикалық өнімді өндіру барысында химиялық және басқа да құралдарды қолдануын азайтып, егіншілік пен мал шаруашылығына арналған перспективалық экологиялық технологияларды қолдану арқылы  ферма иелері экологияны сақтауға және халықтың органикалық өнімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға үлес қосады", – деп жазылған хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив