Риддер қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұрымбет Сақтағанов қала активіне жаңа әкімді – Думан Рахметқалиевті таныстырды.
Нұрымбет Сақтағанов жаңа әкімді ауқымды әрі күрделі жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Думан Рахметқалиев жылыту маусымына дайындыққа белсенді кірісуі керек. Сондай-ақ жаңа әкім Риддер ЖЭО мен қаланың барлық жылу жүйесін қайта құруды жеке бақылауына алуға міндетті. Моноқала басшысының алдына қойылған міндеттердің қатарында туризмді дамыту, жаңа объектілерді пайдалануға беру, жолдарды реконструкциялау және тағы басқа мәселелер бар.
Алдағы жұмыстардың көлемі айтарлықтай үлкен және олардың орындалуына қаланың жаңа басшысы тікелей жауапты болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Думан Рахметқалиев Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарған болатын.