KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Полиция департаментінде егіздер бір бөлімге ауыстырылды – ШҚО

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

29.06.2023, 12:31 381

Полиция департаментінде бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді.

Аудандық және қалалық бөлімшелердің 27 үміткері әртүрлі лауазымдарға тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жаңа қызметке тағайындалғандардың арасында егіз Руслан мен Рустам Раимхановтар бар. Бұған дейін Руслан Қайратұлы Өскемен қаласының ПБ-да кезекші инспектор қызметін атқарса, ал оның егізі Рустам Полиция департаментінде аға инспектор лауазымында қызмет еткен. Енді олар жедел бөлімге қызметке тағайындалды.

– Ағам екеуіміз – М.Есболатов атындағы Алматы академиясының түлектеріміз. Ішкі істер органдарында 2019 жылдан бастап әртүрлі бөлімде жұмыс істейміз. Бүгін департамент бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтің бұйрығымен бір бөлімге қызметке тағайындалдық. Біз өзімізге жүктелген міндеттерді ақтай отырып, ел игілігі үшін қызмет етуге дайынбыз, – дейді Руслан мен Рустам Раимхановтар.

ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков бейнебайланыс арқылы қызметкерлердің әрқайсымен жеке әңгімелесіп, полиция қызметкерлерінің алдына бірқатар міндет қойды.

– Сіздердің әрқайсыларыңызға азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі. ІІМ жүйесінде тиімді жұмыс істеу үшін барлық білім мен күш-жігерді, іскерлікті жұмсаңыздар, – деді полиция генерал-майоры.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив