ШҚО-да дауылдың салдары қалпына келтіріліп жатыр
Фото: 24.kz
Глубокое ауданында болған дауылдың салдары қалпына келтірілуде.
20 шілдеде сағат 18.30-да дауылдың салдарынан Белоусовка кентінің бірқатар көшелерінде электр беру желілері зақымдалды. Қазір табиғи апаттың салдарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
718 тұрғын электр қуатынсыз қалды. 21 шілдеде 280 тұтынушының электрмен жабдықтауы қалпына келтірілді.
Глубокое ауданының АЭК бастығының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта 4 бригада жұмыс істеуде, 4 бірлік техника жұмылдырылды, сонымен қатар "ГорСвет LTD" ЖШС және "Госстрой" ЖШС мердігерлік ұйымдарының күштері тартылды. Төтенше жағдай қызметінің күшімен ағаш үйінділері жиналып жатыр.
Қазір электр энергиясы Новостройка, ГРП аудандарында және орталықта бар, бірақ барлық көшелерінде емес.