KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 3 м/с, СШ
447.25 485.18 4.96

Әуесқойлар арасында садақ ату турнирі жалғасады – Өскемен

Фото: pexels.com

15.06.2023, 19:20 314

Өскемен қаласының әкімдігі әуесқойлар арасында дәстүрлі садақ ату бойынша турнир өткізген еді. Әкімдік іріктеу турнирі әлі де жалғасатынын хабарлады.

Іріктеу сайыстары 30 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Іріктеуден өткен қатысушылар 1 шілдеде Сібе көлінде өтетін финалдық жарысқа қатысады.

Қатысушылар жас санаты бойынша 4-ке бөлінеді. Дәлірек айтқанда, 18-35 жас, 36-50 жас аралығындағы ерлер және 18-35 жас, 36-50 жас аралығындағы әйелдер санатына топталады.

Әр санат бойынша жүлдегерлерге І орын үшін 100 000 теңге, ІІ орын үшін 60 000 теңге, ІІІ орын үшін 40 000 теңге табысталады.

Одан өзге, «Садақ атудың үздік техникасы», «Үздік ұлттық киім» сынды жеке номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады.

Сайыстарға қатысу тегін. Финалдық сайыста қатысушылар үшін түскі ас пен автобус қарастырылған. Ниет білдіргендер жеке куәлігін көрсетуі тиіс. Орын саны шектеулі. Нақты ақпарат алу үшін 8 777 542 51 51 телефон нөміріне хабарласу қажет.

            

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив