ШҚО-да жыл басынан бері 150 тоннадан астам шөп өртенген
Фото: gov.kz
Жыл басынан бері ШҚО-да 150 тоннадан астам шөп жанып кеткен. Оқиғалар өрт қауіпсіздігі ережесін орындамағандықтан болған.
ШҚО ТЖД ұсынған мәлімет бойынша, басты себеп – адами фактор, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Көпжылдық мониторинг барысында ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау мамандары өрттің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтады. Дерек бойынша, техникада өрт сөндіруге қажетті құралдардың болмауы мен жанғыш сұйықтықтардың ағуы уақтылы жойылмауынан жалын тұтанатын көрінеді.
– Рейд жүргізу кезінде инспекторлар объект қызметкерлеріне егжей-тегжейлі нұсқама береді. Шаруа қожалықтарының қызметкерлеріне өрт туындаған жағдайдағы іс-қимыл мен өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелерін түсіндіреді. Облыста 600 жуық шара өткізіліп, 3600 астам адам қамтылды, шаруа қожалықтарының өкілдері мен кәсіпкерлер қатысқан 115 дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Оқи отырыңыз