KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

ШҚО-да жемқорлық тәуекелдері бар салаларды атады

Фото: Тілеубек Шаяхмет
Фото: Тілеубек Шаяхмет
15.09.2023, 11:20 209 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да денсаулық сақтау, жол құрылысы, білім беру, көмір сату және тағы да бірқатар салаларда сыбайлас жемқорлық жағдайлары жиі кездеседі екен.

Бұл туралы дәл қазір облыстық әкімдікте өтіп жатқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында Агенттіктің басшысы Асхат Жұмағали айтты, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

- ШҚО-дағы жемқорлық тәуекелдері экология, көмір сату, білім беру, денсаулық сақтау, жол құрылысы, Бұқтырма көпірін салу жағында жиі кездеседі. Біз ол туралы білеміз, өйткені жемқорлыққа бейім салалары бар нақты аймақтар бойынша аналитикалық құжаттардың негізінде жұмыс істейміз, - деді Асхат Жұмағали.

Агенттік қазір заңсыз шығарылған активтерді шетелдерден қайтару мәселесіне ерекше назар аударып отыр екен. Ведомство басшысының айтуынша, 1,5 жыл ішінде елімізге Еуропа мен БАӘ-нен 800 миллиардтан астам қаржы қайтарылыпты.

- Мүлікті қайтару процессі жалғасады. Қайтарылған қаражат еліміздегі маңызды әлеуметтік мақсаттарға бағытталып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше назар аударып отыр, - дейді Асхат Жұмағали.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Қазақстанның сыйбайлас жемқорлықпен күреске салып жатқан бар күші халықаралық деңгейде мойындалғанын айтып өтті.

- Біз үшін бұл өте маңызды. ШҚО – сыйбайлас жемқорлыққа қарсы процесстің белсенді қатысушысы. Біз жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдап жатырмыз және Агенттіктің алдын алу бойынша қадамдарын құптаймыз, - деді Ермек Көшербаев.

Аймақтағы сыйбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың жарқын үлгісі ретінде мемлекет бақылау жүргізіп отырған Риддер ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарына қатысты жағдайды атауға болады. Облыс әкімдігі Үкіметтен жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражаттың мақсатына сай жұмсалуын қадағалап отыр.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу