Полиция қызметкері есінен танып қалған әйелге көмек көрсетті
Кешкі сағат 22.00 шамасында Өскемен қаласының ПБ «102» арнасына өтініш түскен. Пунктте отырған Ертіс ПБ Жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторы, полиция капитаны Данияр Байжумин оқиға орнына барған.
Әңгіме бароысында полицияға хабарласқан әйел адам есінен танып, эпилепсия ұстамасы туындаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тәртіп сақшысы уақыт жоғалтпай, әйел адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ол қолда бар құралдармен әйел адамға жәрдемдескен.
Біраз уақыттан кейін әйел адам есін жинаған.
– Ойланып тұратын уақыт болған жоқ. Тез арада көмек көрсету қажет болды. Мұндай сәтте кез келген жағдай болуы мүмкін және менің орнымда болған кез келген адам осылай істер еді, - дейді Данияр Байжумин.
Оқи отырыңыз