KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Өскемен тұрғынын WhatsApp-та қорлаған азаматқа айыппұл салынды

Фото: egemen.kz

30.10.2023, 10:20 142

WhatsApp желісінде Өскемен тұрғынын қорлаған азаматқа 5 мың теңге айыппұл салынды.

Өскемен қалалық сотының баспасөз қызметі ұсынған дерекке сүйенсек, Өскемен тұрғыны мессенджердегі топта өзін қорлаған танысы туралы шағым түсірген, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, танысы оған: «Сен, ұрлықшы, аузыңды жап. Өмір бойы ұрлап келесің, енді бірдеңе дегің келе ме?» деген хабарлама жіберген. Бұл хабарламаны топтың 93 мүшесі оқыған.

— Сот істі қарады. Талапкер судьядан жауапкерді ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты теріске шығаруын міндеттеуді сұрады. Сот оның бұл талабын қанағаттандырды. Сондай-ақ жауапкерге 5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деп жазылған ақпаратта. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив