KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Самарлықтарды қасқырлардың көбейгені алаңдатып отыр

16.11.2023, 14:23 309

Бүгін ШҚО әкімінің Самар ауданы тұрғындарымен есептік кездесуі өтіп жатыр.

Самар ауданы аумағында түз тағысының санын азайту шаралары екі жылдан бері жүргізілмеген, осы уақыт ішінде олардың саны едәуір өсті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 
Облыс әкімі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында жергілікті тұрғындар осы мәселені көтерді. Қасқырлар малға шауып, елді мекендердің аумағына кіретін болған, сонымен қатар адамдарға да қауіп төндірген жағдайлар тіркеліпті. Ақсақалдардың айтуынша, қасқыр атуды қансонарда және ақпан айында жүргізу керек.
Бұл мәселені шешу үшін, яғни ит-құстың популяциясын азайту үшін заңнама аясында қасқыр ататын аңшыларға арнайы лицензия берілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив