KZ
Өскемен
+4°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

ШҚО-ға студенттер оңтүстіктен келіп оқып жатыр

Фото: testing.kz

15.12.2023, 19:33 152

Еліміздегі жастарды жұмыспен қамту үшін  осыдан он жыл бұрын оңтүстіктегі жастарды солтүстікте оқытып, көшіруді мақсат еткен «Серпін» бағдарламасы басталған болатын. Осы бағдарламаға қатысып отырған Өскемендегі  С.Аманжолов атындағы ШҚУ  оңтүстік өңірлерден келген студенттерді биыл оныншы рет қабылдады.

 

Қазіргі күні ШҚУ да оңтүстік өңірлерден келген 452 студент бакалавриат бойынша білім алып жатыр. Олардың көбі Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау облыстарынан келген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

ШҚУ басшылығының айтуынша, жастар үшін оқу, жұмыс пен болашақты ұштастыратын, жұмыс күшін қажет ететін аймақтарда жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастыратын бағдарламаның түлектердің жұмысқа орналасуына тигізіп отырған пайдасы көп.

 

Мысалы, 2021 жылы «Серпін» бағдарламасымен осы оқу орнын бітіргендер 100%-ы жұмысқа тұрған, олардың 95%-ы облыс аумағында жұмысқа орналасқан немесе осы университетте оқуларын жалғастырған көрінеді. 2022 жылы да серпіндіктер 100% жұмысқа тұрған болса, олардың 87%-ы шығыстағы жұмыс орындарына орналасқан немесе облыста қалып, оқуларын жалғастырған екен. Биылғы жұмысқа орналасу көрсеткіші де 100%-ды құрады.

 

Ресми түрде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін-2050» деп аталатын мемлекеттік бағдарлама бойынша ШҚУ-ды бітірген оңтүстіктік жастар қазір облыстың қалалары мен аудандарында, университеттің өзінде де еңбек етіп жатыр.

 

 

 Жанаргүл Мұқатай

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив