АӨК дамуында жаңа бағыттар: ШҚО-да семинар-кеңес өтті
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Бақытжанұлы Сапановтың төрағалығымен «2024 жылы Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенінің жетістіктері және 2025 жылға арналған міндеттер» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Шараға облыстық ветеринария, жер қатынастары, кәсіпкерлік басқармаларының басшылары, облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарлары, квазимемлекеттік сектор өкілдері мен қайта өңдеу кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Кеңес барысында қойылған міндеттерді шешу үшін бірнеше ұсынымдар әзірленіп, облыстың агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамытуға арналған кешенді жоспар дайындау және тиісті мемлекеттік органға ұсыныстар жіберу туралы тапсырма берілді.