KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Отшашуды арнайы дүкендерден ғана алыңыз

Фото: Шығыс ақпарат

19.12.2023, 17:35 227

Сертификатталмаған пиротехника сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 
       
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ТЖД және полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.     

ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Медет Мұқашевтің айтуынша, мерекелік көңіл-күйдегі адамдар қарапайым сақтық шараларын ұмытып, қауіпті отшашуларды, петардалар мен басқа да бұйымдарды пайдаланады.  

-  Пиротехникалық өнімдерді дұрыс пайдаланбау өртке себепші болатыны белгілі. Еске сала кетсек, 2018 жылы сапасыз отшашу мен азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтамауы салдарынан облыс орталығында бір күнде екі өрт болды. Соңғы екі жылда  отшашу себебінен өрт тіркелген жоқ, - деді Медет Мұқашев.

ШҚО ТЖД өкілдері отшашуды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алу, ғимараттан 50 метр қашықтықта қолдану, сондай-ақ желді күні пиротехникалық бұйымдарды қолдануға болмайтындығын атап өтті.

ТЖ департаментінің қызметкерлері полицейлердің қатысуымен пиротехникалық өнімдерді сатуға рұқсат етілмеген орындарды анықтау мақсатында жыл сайын мереке қарсаңында рейд өткізеді. Бүгінде жаңа жылдық іс-шаралар өтетін мектеп, балабақша, мәдениет сарайы сияқты 300 нысан алдын ала есепке алынған. 

Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Орал Рыспаев «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі бойынша сертификатталмаған пиротехника сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар екендігін айтты. Сондай-ақ жұмыс күні сағат 23.00-де отшашу атылған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

-    Отшашуларды сатып алу кезінде сақтау мерзіміне назар аудару қажет. Мерзімі өткен өнімді пайдалануға, тұрақта тұрған көліктердің жанында отшашу атуға болмайды. 50 метр радиуста өрт қауіпті нысандар болмауы тиіс. Көрермендер отшашу алаңынан 15-20 метр қашықтықта болуы керек, - деді департамент өкілдері. 


Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу