KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Мәдениет саласының үздіктері марапатталды - ШҚО

Фото: Тілеубек Шаяхмет
Фото: Тілеубек Шаяхмет
28.12.2023, 18:00 124 Қызырбек Дүргінбайұлы

ШҚО-да мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға елеулі үлес қосқан мәдени ұйымдар марапатталды. Мемлекеттік және мемлекеттік емес мәдениет ұйымдар арасында «Жыл үздігі – 2023» жүлдесі  салтанатты түрде табысталды.

 

Мәдениет саласының өкілдерінен құралған арнайы конкурстық комиссияның шешімімен бірнеше мемлекеттік мекеме мен жеке әлеуметтік-мәдени қор жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

 

Атап айтқанда, «Шығыс Қазақстан облысының үздік музейі номинациясы бойынша облыстық тарихи-өлкетану музейі марапатталды. «Шығыс Қазақстан облысының үздік театр труппасы» номинациясына облыстық драма театрының жастар труппасы ие болды. Ал «Шығыс Қазақстан облысының үздік шығармашылық ұжымы» номинациясында «Ертіс концерт» мекемесіне қарасты ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі және «Алтай» халық би ансамблі жеңімпаз атанды. Сонымен қатар «Шығыс Қазақстан облысының үздік кітапханасы» номинациясымен А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана мен Өскемен қаласы әкімдігінің О.Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесі мараптталды. Ал «Шығыс Қазақстан облысының үздік әлеуметтік жобасы» номинациясына «St.ART» жеке әлеуметтік-мәдени қоры ие болды.

 

Жеңімпаздарға 3,5 млн теңге ақшалай сыйлық пен марапаттар табысталды. Бұл марапат өз кезегінде мемлекеттік және мемлекеттік емес мәдениет ұйымдардың одан әрі жемісті қызмет етуіне серпін бермек.

 

– Біз білімді де мәдениетті ұрпақ тәрбиелей білсек еліміздің болашағы баянды болмақ. Бүгінгі мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстың барлығы да осы мақсатта істеліп жатыр. Облыста мәдениет пен руханият саласына қатысты көп іс атқарылды. Өңіріміздің тарихында алғаш рет әлемге әйгілі Иоганн Штраустың «Жарқанат» опереттасын жергілікті әртістердің орындауы да көрермен көңілінен шығып, жылдың айтулы мәдени оқиғаларының қатарына енді. «Абай әлемі» кітап сериясы коллекциясының тұсаукесерін де атап өткен жөн. Бұл жоба Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасын дәріптеуге бағытталды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.  

 

Сонымен қатар аймақ басшысы Өскемендегі «Самал» саябағында ашық аспан астында өткізілген классикалық музыка кеші, облыстық драма театрында Тарбағатай ауданының «Ақжар» халық театры сахналаған «Әке Аманаты» спектаклі, Бозанбай ауылында өткен «Салбурын-2023» халықаралық бүркітшілер фестивалі сияқты мәдени іс-шаралардың өз деңгейінде өткенін ерекше тоқталды.

 

Өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғалар қатарында археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру бағдарламасы бар. Археологиялық зерттеулер барысында табылған артефактілер Татарстанның «Қазан Кремлі» мемлекеттік музей-қорығында және Түркияның Анкара қаласындағы Анадолы өркениеттер музейінде өткен «Ұлы дала алтыны» көрмесіне қойылды.

 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив