KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Оқырмандар Еленаның ерекше әлемімен танысты - ШҚО

28.12.2023, 20:31 726 Айна Ескенқызы

А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, әріптесіміз, көп жылдар «Рудный Алтай» газетінде жұмыс істеген, «NEWSKY AWARD 2023» халықаралық БАҚ сыйлығының лауреаты Елена Пашкенің екі кітабының тұсаукесері өтті.

 

«Жизнь благодарю» поэтикалық жинағы мен «В путь! В путь! В путь!» атты саяхаттардан жазылған очерктер жинағы әдебиетті сүйетін өскемендіктерге Жаңа жыл қарсаңында тамаша тарту болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

- Бұл кітаптар менің журналистика саласындағы еңбегімнің жемісі. Біреуі поэтикалық жинақ, оған әр жылдары жазылған жүзден аса өлеңім енді. Екіншісі - саяхаттардан жазылған очерктер. Кезінде мен жарыстар, іссапарлар, форумдар, іскерлік кездесулер және саяхаттау барысында Франциядан Кореяға дейін жиырмадан астам елде болдым. Сол сапарлардан алған әсерлеріммен ең жақын адамдарыммен бөліскім келді, сондықтан да жинақтарда жекеге қатысты суреттер өте көп. Бірақ оларда өміріміз кереметтерге және мүмкіндіктерге толы екені, тек соған ашық болу қажеттігі туралы жазылған. Қуаныш пен бақыт, саяхат пен мүмкіндіктер, бақытты болу және басқаларға бақыт сыйлау – менің кітаптарым осы жайлы, - дейді автор Елена Пашке.
 

Интернационалды отбасынан шыққан Елена (әкесі - неміс, анасы - корей) бойына осы этностардың ең жақсы қасиеттерін сіңіріп, оны шығармашылығында қолдана білді.

 

Автордың аңғал, философиялық, жеңіл әзілмен жазылған, кейде қалыпқа сыймайтын, бірақ әрқашан шытырман оқиғаларға, үміттерге, қуанышқа толы шығармалары оқырманын бейжай қалдырмай, шабыттандырады, кейде алаңдатады, енді бірде қанаттандырып, қуаныш сыйлайды.

 

Кешке жиналған бұрынғы әріптестері, достары мен баспахана кызметкерлері автордың шығамашылығы жайында жылы лебіздерін білдірді.

 

Қызықты факт: 2021 жылы Елена Пашкенің өмірбаяны екі энциклопедияға – «Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері» және «Қазақстан Республикасының танымал корейлері» енген.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив