KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Риддерде жолдарды ашу мен қар шығаруға қатысты қиындық жоқ

18.01.2024, 17:45 101 Оразай Жеңісұлы

Риддер қаласының әкімдігі жолдарды ашу немесе қар шығаруға қатысты қандай да бір қиындық жоқ екенін мәлімеді. Өйткені мұнда 25 арнайы техника бар. Қазіргі уақытта қала көшелерін 13 техника тазартып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

- Біздің жақта күн райы жиі құбылып тұрады. Сондықтан жол тазалығын қашан да назарда ұстаймыз. Қазір қала бойынша жүк тиегіш, грейдер, камаздар – барлығы 13 техника жұмыс істейді, - дейді қалалық ТҮКШ, көлік және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рауан Құрметұлы.


 

Қоғамдық көліктер мен тұрғындарға жол ашу үшін коммуналдық қызмет өкілдері арнайы техникамен түнде негізгі көшелердің қарын күрейді. Сондай-ақ Поперечка, Бутаково, Крыльчатник секілді алыстағы ауылдарға да жол ашылады.

 

- Сондай-ақ мамандар жеке сектордағы жолдарды тазартады. Қазір Лесхоз кентінің аумағында қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Ең алдымен, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелі маңындағы қар шығарылады. Келесі аптада орталық алаңда және басқа көшелерде осындай жұмыс атқарылады, - деді Рауан Құрметұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив