KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

Семей қаласының көшелерін тазалауға 60-тан астам техника шықты

30.12.2012, 18:00 131


Семейде қала көшелері мен жаяу жолдарды қатты жауған қардан тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторының мәліметіне сүйеніп.

Қалалық тұрғын үй- коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі берген мәлімет бойынша, қала көшелерін тазалауға 19 автосамосвал, 13 қар тазалаушы машина, 7 автогрейдер, 1 бульдозер, 3 құмшашқыш машина, 13 жүктиейтін техника, 6 шнекоротер жұмылдырылған.

Шығарылған қардың жалпы көлемі 21000 текше метр, 28-желтоқсан күні 1558 текше метр қар шығарылды. Ауылдық округтер әкімдіктерінің мәліметі бойынша, Семей-Қайнар тас жолы мен Абыралы ауылының жолының 5 шақырымы қардан тазартылған, Семей-Таңат тас жолы толық тазартылған.



Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив