KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
443.37 474.49 4.83

ШҚО-да 30 мыңнан астам үйде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

22.01.2024, 11:16 70 Ләззат Қанатқызы

ШҚО ТЖД құтқарушылары үйлерде өрт шығу мен көміртегі тотығымен улану жағдайларының алдын алу мақсатында арнайы акция өткізген.

Шара барысында құтқарушылар тұрғын үйлерді аралап, пеш мұржаларының қаншалықты тазаланғанын тексерді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Нәтижесінде, облыстағы 10 үйдің 5-інде мұржа күйеден жеткілікті түрде тазартылмағаны анықталған. Сондай-ақ 30 000-нан астам жер үйде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.

- Тұрғындардың көпшілігі пештерді тазарту қаншалықты маңызды екенін елемейді. Мәселен, ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы бері 17 адамға, оның ішінде 10 балаға иіс тиген, - дейді ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Құтқарушылар осыған дейін барлығы 157 000-нан астам үйді аралап, тұрғындарға профилактикалық нұсқаулық жүргізген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив