ШҚО-да республикалық маңызы бар тағы бір тас жол жабылды
Фото: papik.pro
ШҚО-да Шемонаиха ауданы бағытындағы тас жол жабылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«КАЖсервис» ЖШС ШҚО филиалының ақпараты бойынша, бүгін сағат 14.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тас жолының 15-102 шақырымындағы Глубокое кенті-Шемонаиха қаласы учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Шығыс Қазақстанда қатты боран, жел және температураның төмендеуі салдарынан дауылды ескерту жарияланды.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз