KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Тарбағатайлық құтқарушылар науқасты аудандық ауруханаға жеткізуге көмектесті

Фото: bizmedia.kz

16.02.2024, 14:59 89 Ләззат Қанатқызы

Тарбағатай ауданының құтқарушылары мен полиция қызметкерлері боранды күні әйел адамды ауруханаға жеткізуге көмектесті.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты науқас ауруханаға жете алмаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Тұғыл ауылында әйел адамға шұғыл көмек қажет болды. Ақ түтек боранға байланысты ол аудандық ауруханаға жете алмаған. Тарбағатай ауданының ТЖБ құтқарушылары мен полиция экипажы жедел жәрдем көлігімен қоса ілесіп жүріп әйел адамның Тұғылдан 60 шақырымдағы Ақжар ауылындағы медициналық мекемесіне қауіпсіз жетуін қамтамасыз етті, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар күн райына байланысты дауылды ескерту жарияланғанда алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.

Облыста екі күннен бері соққан қарлы боран салдарынан облыстық және республикалық тас жолдар жабылған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив