KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды - ШҚО

Фото: egemen.kz

15.02.2024, 09:06 58 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да қалың қар мен бұрқасын жел салдарынан облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар жабылған.

ШҚО ТЖД құтқарушылары жолда қалған тұрғындарға көмекке келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Өскемен-Алматы" тас жолында 3 көлік қар құрсауында қалған.

 

- Облыс орталығына арнайы көлікпен 13 жолаушы эвакуцияланды. Оның ішінде 2 қарт адам, 1 жүкті әйел мен 1 бала бар. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ШҚО ТЖД-да жедел штаб ашылды, онда азаматтар үшін 87232-55-38-19 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді, - делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ құтқарушылар тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ескерту жасалған күндері жолға шықпау керектігін ескертеді.

- Ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланған күндері алыс жолға шығуға болмайды, - дейді құтқарушылар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив